Жаңалықтар

Бокстан ӘЧ: жарыстың екінші күнінде шаршы алаңға кімдер шығады

Бокстан ӘЧ: жарыстың екінші күнінде шаршы алаңға кімдер шығады
Фото: Olympic.kz 02.05.2023 02:40 870

Бүгін Ташкенттегі шаршы алаңға екі қазақстандық боксшы шығады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Астана уақыты бойынша сағат 14:00-де басталатын күндізгі сессияда 86 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сағындық Тоғамбай өнер көрсетеді: 1/16 финалда ол Конго ДР өкілі Натан Нланду Мбелимен кездеседі.

Ал 19:00-де басталатын кешкі сессияда 63,5 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Санатәлі Төлтаев рингке шығады. 1/32 финалда ол израильдік Ахмад Штивимен айқасады.

Естеріңізге сала кетейік, жарыстың бірінші күнінде бокстасқан Талғат Сырымбетов (60 кг) пен Айбек Оралбай (92 кг) қарсыластарын еш қиындықсыз ұтты. Сырымбетов тай боксшысы Сакдой Руамтхамнан, Оралбай Болгария боксшысы Радослав Панталеевтан басым түсті.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға