Жаңалықтар

Бокстан ӘЧ: Дулат Бекбауов жартылай финалда жұдырықтасады

Бокстан ӘЧ: Дулат Бекбауов жартылай финалда жұдырықтасады
Фото: Спортты дамыту дирекциясы 10.05.2023 21:26 544

Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Дулат Бекбауов (67 келі) жартылай финалға шықты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қазақстандық боксшы А рингінде 8-жұпта мексикалық Мигел Анхел Мартинестен басым түсті.

Алғашқы минуттан Дулаттың белсенділігі байқалды. Нәтижесінде төрешілер бірінші және екінші раундта бірауыздан төрешілер оның жеңгеніне қолдау көрсетті.

Енді Б рингіндегі он төртінші жұбында Қамшыбек Қоңқабаев (92 келі) өзбекстандық Баходир Джалоловпен сайысқа түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға