Жаңалықтар

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев лицензиялық жарысқа бармайтын болды

Боксшы Қамшыбек Қоңқабаев  лицензиялық жарысқа бармайтын болды
Фото: © Olympic.kz 11.01.2024 14:45 761

Мырзағали Айтжанов Meta-ratings.kz сайтына берген сұхбатында боксшы Қамшыбек Қоңқабаевқа қатысты ойын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Себебі соңғы уақытта 92 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін Қоңқабаев ұлттық құрамадан шығып қалды деген сөз тараған. Алайда бұл шындыққа жанаспайды. Ол олимпиада жолдамасын алып та қойды.

Қамшыбек лицензиялық жарысқа бармайды. Оны басқа елдердің біріне оқу-жаттығу жиындарына жіберуді ойластырып жатырмыз, - деді ұлттық командамыздың бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Бас бапкер Қамшыбек Парижге дайындық жүргізіп жатқанын айтқан.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға