Боксшы Елянур Тұрғанова әлем чемпионы атанды
Фото: Бокс федерациясы
Фото: Бокс федерациясы
03.11.2024 20:30
501
Бокстан Ұлттық құрама спортшысы Елянур Тұрғанова әлем чемпионы атанды. Осылайша боксшы ел қоржынына төртінші алтынды салды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
50 келі салмақ дәрежесіндегі спортшы қызымыз біріншілікте Түркия (бірінші раундта), Өзбекстан (5:0), Грекия (5:0) боксшыларын жеңді. Ал финалды боксшымыз Карла Пиктен (бейтарап) 5:0 есебімен басым түсті.
Айта кетсек, бүгін Будвада (Черногория) жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы күні.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қарағандыда құрылыс алаңында жұмысшы қазақ тапты