Жаңалықтар

Боксшы Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айрылды

Боксшы Данияр Елеусінов әлем чемпионы атағынан айрылды
Фото: medium.com 28.12.2022 10:36 1362

Танымал қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО) Халықаралық бокс ұйымының (IBO) нұсқасы бойынша жартылай орта салмақтағы әлем чемпионы атағынан айырылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Sports.kz -ке сілтеме жасап.

2022 жылдың 27 желтоқсанындағы жағдай бойынша Елеусінов IBO сайтындағы әлем чемпиондарының тізімінде жоқ, бұған дейін оның есімі мен суреті тиісті бөлімде тұрған. Сонымен қатар беделді BoxRec.com порталында жартылай орта салмақтағы чемпиондық белбеу бос деп көрсетілген.

Данияр Елеусінов соңғы жекпе-жегін өткен жылдың 18 желтоқсанында Астанада өткізіп, аргентиналық Хуан Эрнан Леалды (15-3, 4 КО) жеңіп, IBO чемпионы атағын жеңіп алған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға