Жаңалықтар

Бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшыларға ауызашар берді

Бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған спортшыларға ауызашар берді
Фото: Бокс федерациясы 02.04.2024 01:15 401

Қазақстан бокс федерациясы Париж Олимпиадасына жолдама алған боксшылар мен олардың жаттықтырушыларына арнап ауызашар берді. Жиында алдағы Олимпиадада жақсы нәтижеге қол жеткізген спортшыларға берілетін сыйақы мөлшері айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бокс федерциясының мәліметінше, ауызашар барысында жақында Италияда өткен әлемдік іріктеу турнирінде лицензия жеңіп алған боксшылар мен ұлттық құраманың бапкерлер алқасы қаржылай сыйлықтармен марапатталды.

Боксшыларға 20 000 АҚШ долларынан табысталса, бас бапкер Мырзағали Айтжановқа 10 000 доллар берілді. Бұдан бөлек, ұлттық құранмаың жаттықтырушылары да сыйақыға ие болды.

(Фото: Бокс федерациясы)

Жиында Париж Олимпиадасында жоғары нәтиже көрсеткен боксшыларға Қазақстан бокс федерациясы тарапынан берілетін сыйақы мөлшері айтылды:

1-орын: 220 000 $
2-орын: 120 000 $
3-орын: 70 000 $
4-орын: 30 000 $
5-орын: 10 000 $

Ал бас бапкер мен жаттықтырушылар алқасы орын алған боксшы сыйақысының 30 пайызына пара-пар қаржылай сыйақы алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға