Жаңалықтар

Блогер Жапонияда зілзалаға қалай дайындалатынын көрсетті

Блогер Жапонияда зілзалаға қалай дайындалатынын көрсетті
Фото: Видеодан кадр 26.01.2024 17:14 6267

Жапонияда тұратын Мадина есімді қазақстандық блогер жергілікті тұрғындар жер сілкінісіне қалай даярланатынын көрсетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Зілзала кезінде жасалатын әрбір қадам көрсетілген бұл видео әлеуметтік желіде тез тарап, 4 миллионнан астам көрілім жинады. Автор мұндай сәттерде тек ең қажетті деген заттарды алу керектігін еске салды.

Мадина табиғи апат үрей тудырса да, қауіпсіздік шараларын сақтауды әбден әдетке айналдырған. Ол зілзаланың салдарын азайту мақсатында Жапонияда үй салу кезінде заманауи технологиялар қолданылатынын айтты.

Жапонияда әдетте үйлер биік емес, бес қабаттан аспайды. Мысалы, біз үш қабатты үйде тұрамыз. Биік үйлер де бар, бірақ олар тым қымбат, себебі олардың құрылысына өте көп қаржы әрі уақыт кетеді, - деді ол.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Madina Miyake (@vierrarosa)

Оның айтуынша, пәтерлерде арнайы қауіпсіздік құрылғылары бар.

Өрт не өзге де төтенше жағдайға арналған арқандар болады. Олар пәтерді сатып алу не жалға алу кезінде көбіне қоса беріледі. Оның бәрі төтенше жағдай бола қалғанда өте қажет. Қауіпсіздік жүйелері үнемі тексеріліп тұрады. Мұның бәрі тұрғындардың қауіпсіздігі үшін жасалған, - деді блогер.

Мадинаның сөзінше, жапондар зілзала кезінде үрейге бой алдырмай, салқынқандылық танытуға әбден үйренген.

Жер сілкінісі кезінде тыныштық сақтаған жөн, қажет болған жағдайда, жасырынатын орын табыңыз. Мұнда әдетте зілзала қысқа уақыт қана болады, бір минуттан аспайды. Электр желілері жүргізілгендіктен, тоңазытқыштың жанына жақындамағаныңыз дұрыс. Даурықпаңыз. Көшеге жүгіруге де кеңес бермеймін, себебі ғимараттың кез келген уақытта опырылып түсу қаупі бар, - деп қосты ол.

Сонымен қатар Күншығыс елінің мектептері мен кез келген мекемесінде зілзалаға дайындық жұмыстары жүргізіліп тұрады екен.

Оның бәрі адамдар зілзала кезінде өзін қалай ұстауы керектігін білуі үшін жасалады. Жұмыста ішінде каска, су, крекерлер, жамылғы мен өзге де қажетті заттар салынған қапшығым бар. Тренингтер табиғи апат кезінде байыптылықты сақтап, жылдам әрекет етуге көмектеседі, - деді ол.

Жапон елінде дайын «дабыл сөмкелері» де сатылады екен.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға