Жаңалықтар

Блогер Фариза Төреәлі баласына ерекше есім бергенін айтты

Блогер Фариза Төреәлі баласына ерекше есім бергенін айтты
Фото: instagram.com/farizatoreali 25.12.2023 10:38 877

Белгілі спортшы Дархан Нортаев пен Фариза Төреәлі тұңғыштарына ерекше есім берді,  деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі.

Блогер Instagram парақшасына жазба қалдырды.

Дарханқызы Дара. Қыз деген бақыт, қыз деген береке, қыз деген нығмет екен. Азан шақырып қызымыздың есімін қойып жатқанда шүкіршіліктен көңіл босап көз жасым тоқтамады. Дара қызымыз Алла жолындағы, пайғамбарымыз (с.а.с) үкіметіне қызмет ететін салиқалы, көркем мінезді, саналы, қайырлы перзент болсын, - деп жазды.

Айта кетейік, аяғы ауыр екенін жасырып келген блогер Фариза Төреәлі жақында босанғанын айтып, елді шулатқан еді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға