Жаңалықтар

Блэкаут себеп: Канн кинофестивалінің кестесі бұзылды

24.05.2025 22:08 514
Блэкаут себеп: Канн кинофестивалінің кестесі бұзылды

Примор Альпілерінің батыс бөлігінде электр энергиясы өшіп қалды. Интернет, мобильді байланыс істемей, лифтілер мен бағдаршамдар өшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сол себептен кинофестиваль бағдарламасындағы кейбір фильмдерді көрсету де мүмкін болмай отыр.

BBC News хабарлауынша, жабылу салтанаты мен марапаттау рәсімі уақытында өтеді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, сарайдағы ең үлкен зал мен негізгі сахна маңызды көрсетілімдер мен іс-шаралар үшін резервтік генератордың арқасында толық жұмыс істеп тұр.

Блэкаутқа нақты не себеп болғаны белгісіз.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға