Жаңалықтар

«Благовест» казак халықтық хорына – 25 жыл

«Благовест» казак халықтық хорына – 25 жыл
20.02.2019 10:15 1961

Макинск қаласында «Благовест» казак халықтық хорының шығармашылық қызметінің 25-жылдығына арналған мерекелік концерт өтті.

В. Дзюбин жетекшілік ететін үлкен шығармашылық ұжым халық әндерін орындап талай рет республикалық, облыстық фестивальдардың лауреаты атанды.

Мерейтойлық концертке Астана қаласының «Сердало» ингуш ансамблі, «Раздолье» казак хорының көркемдік ұжымдары, сондай-ақ қазақ фольклорлық ансамбльдері қатысты.

Залға жиналған қауым әртістердің халық әндерін жоғары орындау мәнерін, өнерге және туған жерге деген сүйіспеншіліктерін бағалап, ризашылығы мен қошеметтерін білдірді. Концерт тағы бір мәрте ән шекарасын білмейтінін, әр ұлтты жақындастыратынын, Қазақстан халықтарының бірлігі мен достығын нығайтатынын дәлеледеп берді.  

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға