Жаңалықтар

Бизнес пен биліктегілер өзіне ыңғайсыз адамдарға фейк арқылы шабуыл жасап жүр - Жаңбыршин

Бизнес пен биліктегілер  өзіне ыңғайсыз адамдарға фейк арқылы шабуыл жасап жүр - Жаңбыршин
Фото: t.me/mazhilis_kz 07.06.2023 15:10 742

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Еділ Жаңбыршин азаматтық тұлғаларға қатысты буллинг мәселесі әлеуметтік желі арқылы белең алып тұрғанын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Депутаттың айтуынша аноним арқылы әлеуметтік желіде фейк аккаунттары арқылы кейбір бизнес және биліктегі тұлғалар өзіне ыңғайсыз адамдарға шабуыл жасайды. 

Оларға қаржы төлейді. Осы арқылы мемлекеттік басшыдан бастап, депуттарға шабуылдайды. Өткен жылы Самат Базарбайұлы екеуіміздің отбасымызға «қоқан-лоққы» жасаған кездер болды. Біз ҰҚК және ІМ жаздық. Біз өңірдегі мәселелердә айтатын болсақ, мысалы Маңғыстаудағы жағдайды көтеретін болсақ, ақпараттық шабуыл басталып кетеді, – дейді Еділ Жаңбыршин.

Мәжілісмен әкімдер ақша төлеп жанына блогерлерді жинап алғанын айтты. Соларға тапсырыс беріп, депутаттарға тиісетін көрінеді. 

«Масс-медиа туралы» заң қабылдайық деп отырмыз. Бұл бәріне қатысты дүние. Осындай кибершабуылдарды сіздер бұғаттай алмасаңыздар, бұл заңның не қажеті бар? Мұны істей алмасақ, заң шикі болады. Сіздер мұны тыя аласыздар ма, жоқ па? Қашанғы біздің сыртымыздан отбасымызға тиісе береді. Бұл недеген көргенсіздік?», – деп депутат ары таза адамдарға тиісіп, сыртынан жала жауып әлеуметтік желіге тарататынын тілге тиек етті.

Депутат тыя алмайтын болсаңыздар, бізге осындай қаржы, қажетті техника керек деп айт деп отыр. Оларды тауып үстінен қылмыстық іс қозғау қажет деді.

Аталмыш сұраққа жауап берген бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев мәселе өте өзекті екенін және бұл бағыт бойынша жұмыстар істеліп жатқанын алға тартты.

Нәтижесі де бар. 274 баптың өзінде жыл сайын 25 қылмыстық іс қозғалады. Оның ішінде 5-6 іс сотқа жолданып, қалғандары бойынша тиісті тергеу амалдары жүріп жатыр. Аляқтық мәселесі бойынша ешқандай мәселе жоқ. Бүгінгі заңның жобасы бұл іс-әрекеттерді одан әрі жетілдіруге септігін тигізетіні сөзсіз. Техника бойынша ҰҚК тарапынан жеке жұмыс жүргізілуі қажет, – деді бас прокурордың орынбасары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға