Жаңалықтар

Біз саяси және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Коалиция құрамыз - Қошанов

Бұл туралы Ерлан Қошанов AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде айтты
Біз саяси және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Коалиция құрамыз - Қошанов
Фото: sn.kz 06.10.2022 12:24 1243
Бұл туралы AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде Ерлан Қошанов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz

«Өздеріңізге белгілі, бізден басқа да бірқатар партиялар мен саяси бірлестіктер Президенттікке Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың кандидатурасын ұсынып отыр. Осы орайда біз сол саяси ұйымдармен бірлесіп, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты қолдау жөніндегі халықтық коалиция құру жөніндегі келісімге келдік», - деді ол AMANAT партиясының кезектен тыс XXIV съезінде.  

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға