Жаңалықтар

Біз мақтанатын ұйым емеспіз – Жигули Дайрабаев

Президентікке үміткерлердің телевизиялық дебаты өтіп жатыр
Біз мақтанатын ұйым емеспіз – Жигули Дайрабаев
Фото: vlast.kz 11.11.2022 21:50 994

Қарапайым тұрғын Президенттікке кандидат Жигули Дайрабаевқа көп жылдан бері фермалар одағын басқарып келе жатырсыз, өзіңіз қызмет еткелі бес нәтижелі жұмысты саралап беріңізші деді, деп хабарлайды El.kz  

«Осы қызметте жүргеніме үш жыл болды. Үш жылдан бері республикада 280 мың әртүрлі шаруашылықтар мен қожалықтар жұмыс жасайды. Олардың бәрін бөліп-жармаймын. Шамамыз келгенше, олардың құқығын қорғау, жақсы жұмыс істеуіне ықпал ету және көмектесуді басты мақсат еттік. Мынаның бәрін істедік деп мақтанатын ұйым емеспіз. Көшеге елді митингке үгіттейтін ұйым да емеспіз. Нақты және тиянақты іспен айналысуды мақсат еттік. Сондықтан, биыл ауыл шаруашылығында қол жетпей жатқан техникамен қамтамасыз ету керек мәселені шештік. Бүгінгі күні 10 жылға 6 пайызбен мың шаруаға жеңілдетілген несие берілмек. Бастапқы жарна төленбейді. Қарапайым еңбек адамға бұл үлкен көмек», - деп жауап берді тұрғын сұрағына Жигули Дайрабаев.

Айта кетейік, Президенттікке кандидаттардың және олардың сенімді өкілдерінің қатысуымен телевизиялық дебат өтіп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға