Жаңалықтар

«Біз бұл істі бекер бастадық». Мемлекет басшысы МИБ-ке қатысты сын айтты

«Біз бұл істі бекер бастадық». Мемлекет басшысы МИБ-ке қатысты сын айтты
Фото: ҚР Президентінің баспасөз қызметі 19.04.2023 12:06 1133

Президент бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Қоғамда тұрғын үй қорын тиімді басқару мәселесі қызу талқылануда. МИБ (мүлік иелерінің бірлестігі) институтын енгізуге бағытталған реформа да аяқталмады. МИБ-пен бірге ПИК (пәтер иелерінің кооперативі) әлі де жұмыс істеп жатыр. Біз осы МИБ реформасымен үлкен қателік жасадық. Мұндай жағдайда халыққа сапалы әрі ашық қызмет көрсету басты міндеті орындалмай отыр, - деді Президент.

Тоқаевтың айтуынша, бұл реформа жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінде бірінші кезеңді құруды көздеді. Сондықтан бұл тапсырманы тиісті назарсыз қалдыруға болмайды. Мемлекет басшысы теңгерімді инфрақұрылымдық саясат қажет екенін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға