Жаңалықтар

«Біз біргеміз!». Су тасқыны кезінде Алматы қаласынан қанша волонтер жұмылдырылды?

«Біз біргеміз!». Су тасқыны кезінде Алматы қаласынан қанша волонтер жұмылдырылды?
Фото: ТЖМ 30.04.2024 18:11 298

Тасқын басталғалы Алматы қаласында волонтерлер штабы құрылып, өз жұмысын бастады. Қазіргі таңда штабқа 30-ға жуық ірі волонтерлік  ұйымның күші жұмылдырылды. Бұл туралы «Біз біргеміз!» жалпыұлттық телемарафонында айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Бағдат Анарбаева 200-ден астам волонтерлер, 100-ге жуық курсанттар күнделікті демалыссыз және үзіліссіз жұмыс істегенін айтты.

Осы уақыт ішінде волонтерлеріміз күн-түн демей жұмыс істеген болатын. Олар күнделікті таңғы сағат 10-нан кешкі сағат 19:00-ге дейін гуманитарлық көмекті қабылдап, кешкі уақытта оны сараптаумен және тасымалдаумен айналысты. Одан бөлек, волонтерлердің бір бөлігі сол гуманитарлық көмекті зардап шеккен өңірлерге жеткізді. Сонымен қатар сол өңірлерде су тасқынымен күресу бойынша көмек көрсетті. Бұған дейін БҚО, Орал қаласы, Атырау облысынан волонтерлерімізді жіберген болатынбыз. Қазір де көптеген жастар сол жақта көмек көрсетіп жатыр, – дейді Бағдат Анарбаева.

Қазірдің өзінде де еріктілер сол өңірлерде көмек көрсетуде. Штаб әлі жұмыс істеп жатқанын айтты.

Штабта call-центр жұмыс істеп жатыр. Күні-түні бізде волонтерлеріміз қоңырауды қабылдап, зардап шеккен тұрғындарды, сондай-ақ қала бойынша көмектесеміз деген жандармен айналысқан болатын. Күнделікті өңірлермен байланыста болуға тырысамыз. Қазіргі таңда 20-дан астам қаламыздың белсенді жастары Атырау облысында әлі де көмек көрсетіп жатыр, – деді Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисінің жетекшісі Бағдат Анарбаева.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға