Жаңалықтар

Біз бауырлас ел ғана емес, стратегиялық әріптеспіз – Түркия СІМ басшысы

Біз бауырлас ел ғана емес, стратегиялық әріптеспіз – Түркия СІМ басшысы
Фото: t.me/pressmfakz 11.09.2023 14:44 1486

Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Қазақстанға ресми сапар аясындағы келіссөздер кезінде осылай деді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Сапар аясында премьер-министрдің орынбасары – Қазақстан сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өтті.

Қазақстан мен Түркия – бауырлар ғана емес, стратегиялық серіктестер. Қазақстан өз өңірі үшін маңызды рөл атқарады, - деді Түркия СІМ басшысы кеңейтілген отырыс барысында.

Айта кету керек, бұл - Түркия СІМ басшысының Қазақстанға алғашқы сапары.

Бұған дейін осы келіссөздер аясында елімізге Түркия президенті келетіні белгілі болған

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға