Жаңалықтар

Биылғы сайлау арқылы Жаңа Қазақстанға қадам басқанымызға көз жеткіздік – профессор

Биылғы сайлау арқылы Жаңа Қазақстанға қадам басқанымызға көз жеткіздік – профессор
Фото: kaznpu.kz 24.03.2023 14:00 1429

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, профессор, саясаттану ғылымдарының докторы Жомарт Симтиков Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлауға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жомарт Құдайбергенұлы Қазақстан азаматы ретінде жауапкершілікті сезіне отырып, сайлауда өз таңдауын жасағанын айтады.  

19 наурыз күні Алматы қаласы Медеу ауданының №299 сайлау учаскесіне барып, өз дауысымды бердім. Сайлау толық заңның аясында өтті. Ешқандай бұрмалауды, құқық бұзушылықты байқамадым. Сайлауға келген байқаушылар міндетін жоғары деңгейде атқарды. Осы жолғы сайлаудан халықтың дауыс беруге деген белсенділігін байқадым, - деді профессор.   

Саясаттану ғылымдарының докторы сайлаудың ерекшелігіне де тоқталды.

Қазақстандағы сайлауларды бақылап жүремін. Солардың ішінде жақында ғана өткен депутаттар сайлауының ерекше болғанын бәріміз білеміз. Мажоритарлық жүйенің қалыпқа келуі оған жан бітіргендей болды. Осы сайлау арқылы Жаңа Қазақстанға қадам басқанымызға, жүйеде үлкен өзгерістер бар екеніне көз жеткіздік, - дейді кафедра меңгерушісі.

Сондай-ақ Жомарт Симтиков жаңадан сайланатын депутаттарды заң аясында ақпараттандыру қажет деп есептейді.

Елімізде өткен әділ сайлаудың шеңберінде ең көп дауыс жинаған азаматтардың билікке келуін қолдаймын. Дегенмен, олардың ішінде саясаттан тәжірибесі аз азаматтар бар. Сондықтан болашақ депутаттарға заң шығару ісіне дайындық жұмысын жүргізу керек ойлаймын, - деп профессор.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға