Жаңалықтар

Биылғы оқу жылын 3,8 млн оқушы бітіреді

Биылғы оқу жылын 3,8 млн оқушы бітіреді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 21.05.2024 10:42 507

Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев оқу жылын сәтті аяқтау және балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын сапалы ұйымдастыру, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, биылғы оқу жылын 3,8 млн оқушы бітіреді. Оның ішінде бастауыш сыныпты – 374 мың, негізгі мектепті – 341 мың бала тәмамдайды. Ал 186 мың түлек мектеп қабырғасынан түлеп ұшады.

«Алтын белгіге» үміткерлердің саны – 7 704. Оқу жылын «Білімім – Отаныма» атты бірыңғай сынып сағаттарын өткізумен аяқтау жоспарланып отыр. Сонымен қатар мектеп түлектеріне арналған «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шарасы 25 мамырда өтеді. Аттестаттарды табыстау рәсімі 12-15 маусым аралығына белгіленді, – деді министр.

Бұдан өзге Ғани Бейсембаев биыл алғаш рет 5-8, 10-сыныптарда қазақ тілін меңгеруді бағалау мақсатында қазақ тілінде және басқа тілде оқытатын мектептердің білім алушылары үшін аралық емтихандар өткізілетінін айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға