Жаңалықтар

Биыл жол бойындағы қызметтің 78 нысаны іске қосылады

Биыл жол бойындағы қызметтің 78 нысаны іске қосылады
Фото: El.kz 28.03.2023 16:32 633

Биыл жыл соңына қарай Ұлттық стандарттың талаптарына сай келетін жол бойындағы қызмет көрсету нысандарының үлесін 82%-ға дейін жеткізу көзделген. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ИИДМ Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Амангелді Беков мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Қазір жұмыс істеп тұрған жол бойындағы қызмет көрсету нысандарына басымдық беріп келеміз. Мәселен, биыл 78 қызмет көрсету орнын іске қосу көзделген, оның 53 нысаны жеке инвестицияларды тарту есебінен және жаңғырту мен жөндеу шеңберінде 25 санитарлық-гигиеналық торап қойылады, - деді Амангелді.Беков.

Айта кетейік, қазір республикалық маңыздағы автомобиль жолдарында 1 634 нысанның қызметі жолға қойылған. Оның 1 204-і немесе 74%-ы Ұлттық стандарт талаптарына сай келеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға