Жаңалықтар

Биыл туризмді дамыту бойынша 83 инфрақұрылымдық жоба іске асады

Биыл туризмді дамыту бойынша 83 инфрақұрылымдық жоба іске асады
Фото: El.kz 19.06.2023 18:15 422

Биыл туризмді дамыту бойынша 83 инфрақұрылымдық жоба іске асады. Бұл туралы Үкімет отырысында баяндама жасаған Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Елімізде туристік инфрақұрылымды дамыту бойынша жұмыстар жалғасуда. Мысалы, өткен жылы құны 27 млрд теңге болатын 28 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Осы жобалардың ішінде Балқаш курорттық аймағында инженерлік коммуникациялар салу, Ақтау қаласының жылы жағажайына дейін автокөлік жолының құрылысы аса маңызды болып саналады. Сонымен қатар, Үшарал және Үржар әуежайларының іске қосылуы маңызды оқиға болды, бұл әуе тасымалы мүмкіндіктерін едәуір кеңейтті, - деді министр.

Оның айтуынша, биыл 439,3 млрд теңгеге 83 инфрақұрылымдық жоба іске асып жатыр.

Туристік инфрақұрылымды дамыту проблемасын шешу мақсатында елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында әкімдіктерге тиісті құзырет беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, - деп тоқталды Асхат Оралов.

Айта кетейік, былтыр 27 млрд теңге болатын 28 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға