Жаңалықтар

Биыл түлектердің 82 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді

Биыл түлектердің 82 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді
Фото: © Pixabay.com 22.05.2023 16:10 694

Биыл 172 мың мектеп бітірушінің 82 пайызы ҰБТ тапсыруға өтініш білдірді. Бұл ақпаратты ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Талапкерлер өтініш беру барысында тестілеу күнін, уақытын және орнын өздері таңдайды. Бұл ретте 2 мүмкіндік үшін бейінді пәндердің бір ғана комбинациясы белгіленген. ҰБТ тапсырудан бір күн бұрын, өткен жылдан бастап енгізілген жаңалық бойынша, әр ата-анаға, тіркелушіге SMS хабарлама жіберіліп отырады, - деді ол.

Руслан Тоқтарбекұлының сөзінше, қазіргі таңда талапкерлердің 18 пайызы – математика-физика, 17 пайызы – биология-химия, 13 пайызы – шығармашылық, 10 пайызы математика-информатика комбинациясын таңдап отыр. Жылдағыдай ең аз таңдалатын комбинация – химия-физика, яғни оған тек 218 бала ғана таңдау жасаған.

Тестілеуге кіргізу кезінде қол және металл іздегіш құрылғылар пайдаланылады. Бұл талапкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ережелерді бұзу мен тыйым салынған заттарды алып өтудің алдын алу үшін қажет. Тестілеу барысында аудиторияны және бейнебақылаудың ауданына байланысты рұқсат етілген магниттік толқын шегінде ұтқыр және радиоэлектрондық байланыс сигналдарын басатын құрылғылар қолданылады, - деді директор.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға