Жаңалықтар

Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 33 адамға беріледі

Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мәлім етті
Биыл «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 33 адамға беріледі
Фото: gov.kz 23.11.2022 18:22 1751

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Маңғыстау жастарымен кездесуде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты алдағы желтоқсанда 33 жасқа тапсырылатынын айтты. Грант «Ғылым», «Мәдениет», «Ақпараттық технологиялар, «Бизнес», «Медиа» бағыттары бойынша беріледі, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты 2021 жылдан бері Президент тапсырмасымен жүзеге асырылып келеді. Жеңімпаздардың негізгі бөлігі өңірлердің қарапайым жастары екенін атап өту керек.

Сонымен қатар 10 номинация бойынша беріліп келе жатқан «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығы иегерлерінің де аты-жөні жуырда белгілі болды. Бұл туралы Үкімен қаулысы жуықта шыққан болатын.  Ақтауда Zhas Project форумына қатысқан ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі «Отыз жыл ішінде 300-ден астам жас «Дарын» сыйлығының иегері атанды. Мұның ішінде маңғыстаулық жас таланттар да бар», - деді министр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға