Жаңалықтар

Биыл Қазақстан қандай халықаралық жарыстарға қатысады

Биыл Қазақстан қандай халықаралық жарыстарға қатысады
Фото: © ОКҚ 12.01.2024 17:00 1187

Спорт және дене шынықтыру комитеті төрағасының орынбасары Айгүл Бектенова биыл қазақстандық спортшылар қандай халықаралық жарыстарға қатысатынын айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айгүл Бектенова мәліметінше, 2-12 наурыз аралығында Түркияның Эрзурум қаласында XХ қысқы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Оған Қазақстаннан 3 спорт түрінен 30 жуық спортшы қатысады. Сонымен қатар, 25 маусым мен 7 шілде аралығында Саха Республикасында сегізінші жазғы «Азия балалары» ойындары өтеді.

Оқи отырыңыз: 

Биылғы ең басты дода - 26 шілде мен 11 тамыз аралығында Францияның Париж қаласында өтетін жазғы Олимпиада. Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 аса спортшы 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады. Қазіргі уақытта спорттың 8 түрінен 17 жолдама бар. Маусым айына дейін спортшыларымыз 90 жуық іріктеу, лицензиялық және рейтингтік жарыстарға қатысып, жолдамалар жеңіп алады деген ойдамыз, - деді спикер ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.

Сонымен қатар, 28 тамыз – 8 қыркүйек аралығында Францияда жазғы Паралимпиада ойындары өтеді. Қазіргі уақытта 5 жолдама бар.
Бұдан бөлек, биыл Астана қаласында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары, Иранның Тегеран қаласында Азия-Тынық мұхиты ойындары, Қазақстанда 6 әлем чемпионаты және 7 Азия чемпионаты өтеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға