Жаңалықтар

Биыл қанша түлек мектеп бітіреді

Биыл қанша түлек мектеп бітіреді
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Midjourney 16.05.2024 15:50 307

Биыл шамамен 3,9 млн оқушы 2023-2024 оқу жылын бітірсе, оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қоштасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

24 мамырда еліміздің барлық мектебінде 1-10 сынып оқушылары үшін «Білімім – Отаныма!» тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. 186 мың мектеп бітіруші үшін соңғы қоңырау 25 мамырда «Мектебім, саған мың алғыс!» тақырыбында өтеді.

Ал 5-8, 10-сынып оқушылары үшін емтихандар 27 мамырда басталады. 9-сынып оқушыларының емтихандары 29 мамырдан 10 маусымға дейін жалғасады. 11-сынып үшін қорытынды емтихандар 28 мамыр-11 маусым аралығына жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға