Жаңалықтар

Биыл қанша гектар егіс алқабы игерілмек?

Биыл қанша гектар егіс алқабы игерілмек?
Фото: El.kz 16.05.2024 13:30 309

Оңтүстік өңірлерде егіс жұмыстары қарқынды жүруде. Бүгінгі күнге дейін  1,5 млн га алқапқа егін егілді. Ал, жаппай көктемгі дала жұмыстары осы жылдың мамыр айының екінші онкүндігінде басталады, деп хабарлайды El.kz  ақпарат агенттігі.

Облыс әкімдіктерінің деректері бойынша осы жылы жалпы 23,8 млн гектар егіс алқабы игеріледі.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес бидай егіс алқабы өткен жылмен салыстырғанда 426 мың гектарға қысқарып, 13,3 млн гектарды құрады (2023 жылы - 13,7 млн га).

Биыл қанша гектар егіс алқабы игерілмек?

Сонымен қатар, майлы дақылдар алаңын 373 мың гектарға және жемшөп дақылдарын 66 мың гектарға ұлғайту жоспарланып отыр.

Сондай-ақ тапсырма аясында суды көп қажет ететін дақылдарды қысқарту бойынша жұмыс жүргізілуде, мақта алаңдарын 16 мың гектарға (116 мың гектардан 100 мың гектарға дейін), күрішті 12 мың гектарға (100,3 мың гектардан 88,3 мың гектарға дейін) азайту болжануда.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға