Жаңалықтар

Биыл қандастарға қанша квота бөлінгені белгілі болды

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлім етті
Биыл қандастарға қанша квота бөлінгені белгілі болды
Фото: baq.kz 05.01.2023 14:11 1334

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығымен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы белгіленді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Атап айтқанда:

  • қандастарды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы - 1925 адамды;
  • қоныс аударушыларды қабылдаудың 2023 жылға арналған өңірлік квотасы - 6727 адамды құрады.

Айта кетсек, биыл қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдау квоталары ұлғайтылды. Мәселен, 2022 жылы қандастарды қабылдауға арналған өңірлік квота - 1499 адам, ал қоныс аударушыларды қабылдауға арналған өңірлік квота - 6587 адам болып белгіленді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарағанда, 2022 жылдың 1 желтоқсанына Қазақстанға 17 888 этникалық қазақ оралып, қандас мәртебесін алды. Ал 1991 жылдан бастап республикаға 1 млн 105,7 мың этникалық қазақ оралды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға