Жаңалықтар

Биыл Павлодар облысында қандай өзгерістер болады - әкім есебі

Биыл  Павлодар облысында қандай өзгерістер болады - әкім есебі
Фото: Әкімдіктің баспасөз қызметі 22.04.2023 19:41 617

Өңір басшысы Асайын Байханов биыл облыс орталығында жүргізіліп жатқан жұмыстардың негізгі бағыттары бойынша жиналыс өткізді, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Павлодар облысының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Әкім облыс орталығының көшелерін, инженерлік коммуникацияларды - Зеленстрой, Горторг, 2 Павлодар шағын аудандарына сумен жабдықтау және су бұру желілерін тарту, жылу желілерін гидравликалық сынауға және жөндеу науқанына дайындау, ЖАО кезекте тұрғандары мен Алюминстрой шағын ауданына қоныс аударушылар үшін тұрғын үй салу және іске қосу, Достық шағын ауданына жаңа трамвай желілерін салу, дезинсекциялық жұмыстар, саябақтар мен скверлерді абаттандыру, жағажай маусымына дайындық жұмыстары туралы есептерді тыңдады.

Биылғы жылы облыс орталығында 9 магистральдық көше мен 55 жеке сектордағы топырақ жамылғысы бар көшелерді жөндеу жоспарланып отыр. Сондай-ақ, 2023-2024 жылдарға арналған Лермонтов, Кривенко, Қайырбаев, Торайғыров көшелерін жөндеу жобалары әзірленуде. Бұдан бөлек, 2024 жылы КазПравда- Ағайынды Дүйсембиновтер көшелерінен Жібек жолы көшесіне дейін (3,8 км) және Ломов көшесінен Казправда-Жібек жолы (1,9 км) көшелеріндегі автожолға дейінгі учаскелерде жаңа автомобиль жолын салу жоспарлануда.

27-сәуірден бастап қалада ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭО-3 жылу желілерінде кезең-кезеңімен сынақ жұмыстарын жүргізу басталады, содан кейін ақаулар анықталған жерлерде желілерді жөндеу жүргізіледі. Коммуналдық қызмет кәсіпорындарына ыстық суды сөндіру мерзімін 15-маусымға дейін қысқарту міндеті қойылды.

Облыс орталығының жылу желілерінің тозуын азайту мақсатында 2023 жылы алғаш рет кварталішілік желілер қайта жаңартылады. Қазірдің өзінде жылумен жабдықтау желілерін толық ауыстыратын ең осал учаскелер анықталды. Олардың қатарында Назарбаев даңғылы-Қайырбаев көшесі-Естай көшесі; Ломов көшесі-М.Жүсіп көшесі-Нұркин көшесі; Ломов көшесі-М. Жүсіп көшесі-Гагарин көшесі; Ломов көшесі-М. Жүсіп көшесі-Нұркин көшесі-Амангелді көшесі шекарасындағы учаскелер бар. Барлығы 11,7 км жаңа желілер салынады, жұмыстарды жүргізу мерзімі 5 ай болып белгіленді. Осы кезеңде қаланың осы аудандарының 51 көппәтерлі тұрғын үйлері ыстық сусыз қалады, бірақ, бұл алдағы уақытта жылыту маусымының сәтті өтуі үшін қажетті мәжбүрлі шара болып табылады.

Қазіргі уақытта Алюминстрой шағын ауданынан қоныс аударатын 264 отбасы Сарыарқа шағын ауданында пәтер алады деп күтілуде. Бүгінде мұнда 5 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуда. Мамыр айында № 33 және №39 үйлердің құрылысы аяқталады деп күтілуде, шілдеде - №28 және № 41 және тамыз айларында № 40 үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Бұл үйлердегі пәтерлер ЖАО тарапынан кезекте тұрған және шағын ауданның қоныс аударушылары арасында бөлінеді.

Павлодарда саябақтар мен тынымбақтарды абаттандыру жалғасады, мұнда қоғамдық дәретханалар орнатылып, орталық жағалауды жазғы маусымға дайындау және Усолка шағын ауданында жағажайды қайта құру жүргізіледі. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша орталық жағажайда алғаш рет балалар бассейні жасалады.

Өңір басшысы дезинсекциялық жұмыстарды ерекше бақылауға алуды тапсырды. Қазірдің өзінде ол тұрғын үйлердің жертөлелерін өңдеуді және тосқауылдық өңдеу жұмыстарын бақылауды күшейтуді тапсырды.

Асайын Байханов осы жобаларды сапалы іске асырудың және барлық жұмыстарды мерзімінде орындаудың маңыздылығына ерекше назар аударды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға