Жаңалықтар

Биыл кәсіпкерлерге 1 миллиард теңге көлемінде қайтарымсыз гранттық қаржы бөлінді

Биыл кәсіпкерлерге 1 миллиард теңге көлемінде қайтарымсыз гранттық қаржы бөлінді
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 08.08.2023 15:31 1257

Астана қаласында 223 597 шағын орта бизнес субъектісі жұмыс істейді. Мұнда 499 445 адам жұмыспен қамтылған, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

2022 жылдың қорытындысы бойынша шағын орта бизнестің қала экономикасына қосқан үлесі 69,5 пайыз болды.

Бүгінде шағын орта бизнес субъектілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсіпкерлерді қолдау бойынша бірқатар шаралар жүргізіліп жатыр. Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Қуаныш Сапаров кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы шеңберінде 4 бағыт бойынша қаржылық қолдау жүзеге асырылатынын айтты.

Біріншісі – кәсіпкерлердің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау. Осы жылы екінші деңгейлі банктер арқылы 35,8 милллард теңгеге 648 шартқа қол қойылды. Екінші бағыт – кәсіпкерлердің несиелеріне ішінара кепілдік беру. Биыл 8,1 миллиард теңгеге кепілдік төлеу соммасына 582 шартқа қол қойылды. Үшінші бағыт – жетіспейтін инфрақұрылымды жүргізу. Аталған бағыт бойынша осы жылы бір жобаға 112,8 миллион теңгеге қолдау көрсетілді. Төртіншісі – мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз гранттар. Әкімдік даму қорымен бірлесіп Астана бизнес салалық шектеулерсіз несие беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Несиенің пайыздық мөлшерлемесі 7 пайыз, - деді ол.

Жоғарыда аталған төртінші бағыт бойынша биылғы жылға 1 миллиард теңге қарастырылған. Грантқа тек тіркелген кезден бастап 3 жылға дейінгі мерзімде жеке кәсіпкерлер және республикалық тізімге енгізілген әлеуметтік кәсіпкерлер субъектілері ғана қатыса алады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға