Биыл еліміздегі егіс алқабының көлемі 23,7 млн гектарға дейін жеткізіледі
13.05.2025 10:10
439

Фото: © El.kz
Үкімет отырысында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров көктемгі дала жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ол облыс әкімдіктерінің деректері бойынша биыл жалпы егіс алқабы 23,7 млн гектарды құрайтынын, бұл өткен жылмен салыстырғанда 413 мың гектарға артық екенін атап өтті. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде: нәтижесінде 2 жыл ішінде бидай алқаптарын 750 мың гектарға қысқартуға қол жеткізілді, ал жемшөп және майлы дақылдардың егіс алқаптары биыл 3,3 млн гектарға жетеді, бұл ретте күнбағыс алқабы алғаш рет 1,4 млн гектарды құрағалы отыр.
Дәнді және бұршақ дақылдарын 16,6 млн гектарға орналастыру жоспарлануда. Мақта алаңы 135 мың гектар болмақ, оның ішінде дәстүрлі әдіспен өсірілетін алаң 21,4 мың гектарға қысқарып, 85 мың гектарды құрайды. Бұл ретте, «Түркістан» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы мен қытайлық Синьцзян Лихуа компаниясының ортақ жобасын есебінен тамшылатып суарылатын мақта алаңы 50 мың гектарға ұлғаяды, — деп толықтырды Айдарбек Сапаров.
Бөлісу:

Алдыңғы жаңалық
Еліміздің энергетика саласында 4,5 мың маман жетіспейді
Келесі жаңалық
Газа секторында бір тәулікте 66 адам қаза тапты