Жаңалықтар

Биыл елімізде «Zhas Project» жобасына 250 грант бөлінді

Биыл елімізде «Zhas Project» жобасына 250 грант бөлінді
Фото: © ОКҚ 10.10.2023 12:42 834

Елімізде «Zhas Project» жобасы бойынша шағын гранттарды беру конкурсына құжаттарды қабылдау мерзімі осы жылдың 9-22 қазан аралығында өтеді. Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары Роллан Құспан баяндады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Жобаның негізгі мақсаты - ақпараттық түсіндіру, білім беру және жастарға бағытталған жобаларды жүзеге асыру арқылы NEET санатындағы жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту. Ол уақытша жұмыспен қамту, білім беру саласынан тыс жүрген 18-35 жас аралығындағы жастарға арналған, - деді Роллан Қабылұлы.

Роллан Құспанның айтуынша, 2022 жылы аталған жоба пилоттық түрде еліміздің 6 өңірінде жүзеге асқан. Ал 2023 жылы 250 грант жастарға табысталады.

Сонымен қатар жастардың жобаға қатысу географиясын кеңейту мақсатында 2023-2024 жылы жобаны жыл сайын еліміздің 20 өңірінде жүзеге асыру жоспарлануда. «Zhas Project» жобасын сапалы және тиімді іске асыру үшін әр өңірде ашылған арнайы жобалық кеңселер жұмыс істейді және Call орталықтар құрылды. Сол кеңселерден азаматтар қосымша ақпарат ала алады, - деп айтты Жастар және отбасы істері комитеті төрағасының орынбасары.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға