Жаңалықтар

Биыл еліміз бойынша ұшақпен 2,7 миллион адам жол жүрген

Биыл еліміз бойынша ұшақпен 2,7 миллион адам жол жүрген
Фото: ©El.kz 04.05.2023 20:32 567

2023 жылдың қаңтар-наурыз айларында әуе көлігімен тасымалданған жолаушылар саны 2 724 мың адам болды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Бұл көрсеткіш 2002 жылмен көрсеткішінен 39,5%-ға артық. Осылайша жолаушылар айналымы 2022 жылғы қаңтар-наурызбен салыстырғанда 1,7 есе өсіп, 5 513,6 млн п-км болған.

Айта кетейік, жолаушылар таңдаған ең танымал бағыт – Алматы қаласы болды, ол жаққа І тоқсанда 893 мың жолаушы тасымалданған. Одан кейін жолаушылар елордаға жиі ұшқан – 722 мың адам, үшінші танымал бағыт - Шымкент қаласы. Ол жаққа 268 мың жолаушы ұшып барған.
 
Әуе көлігімен тасымалдаудан түскен кіріс бірінші тоқсанда 151 млрд теңге болып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 1,5 есе артқан.

Осы ретте 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда сәуір айында әуе сапарларының бағасы 17,7%-ға қымбаттаған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға