Жаңалықтар

Биыл Атырау облысында 12 мыңнан астам адам жұмыстан босатылады

Биыл Атырау облысында 12 мыңнан астам адам жұмыстан босатылады
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 16.06.2023 14:47 671

Биыл Атырау облысында 12 мыңнан астам адам жұмыстан босатылады. Бұл туралы облыс әкімі Серік Шәпкенов айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Атырау облысында жұмыссыздық 4,9 пайызды құрайды. Биыл 11 мынан астам жұмыс орны ашылды. Оның ішінде 6 мынан астамы – тұрақты жұмыс орны. Бізде үлкен инвестициялық жобалардың іске асырылуы аяқталып келеді. Жұмыстардың аяқталуына байланысты тұрғындарымыз ол жобалардан босатылып жатыр. Оларды жұмысқа орналастыруымыз керек. Биылдың өзінде 12 мыңнан астам азаматымыз жұмыстан босатылуы керек. Қазір 2 700-і жұмыстан шықты. Олардың 1 237-сі әлеуметтік іс-шаралармен қамтыдық, - деді облыс басшысы бүгін Орталық коммункациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, биыл ұлттық жобалар аясында 6 мыңға жуық жаңа жұмыс орны құрылады.

Алдағы 5 жылда ірі инвестициялық жобаларда 16 мыңға жуық жаңа жұмыс орны ашылады. Оның 13 мыңы құрылыс кезінде, қалған 3 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орындары болады, - деді Серік Шәпкенов.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға