Қазақстанда 2022 жылғы қаңтар-желтоқсанда сусын өндірісінің көлемі ақшалай мәнде 764 063 млн теңгені құрады, 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өндіріс 11,2%-ға өсті, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
12 айда 2,3 млрд литр алкогольсіз сусын өндіріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,8%-ға өсті.
Минералды және газдалған сулар бойынша (тәтті емес, хош иіссіз) 656,8 млн литр шығарылды, бұл 2021 жылдың 12 айымен салыстырғанда 1,7%-ға артық.
Алкоголь зауыттары 12 айда 64,9 млн литр арақ шығарды, бұл алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда екі есе көп. Табиғи жүзім шарабы өндірісі 33,5%-ға өсіп, 31,1млн литрді құрады. Сыра өндірісі 717,5 млн литрді құрады, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 0,7%-ға аз.
Қазақстанда сусындар шығарумен 47 кәсіпорын айналысады.
Биыл алкоголь зауыттары екі есе көп ішімдік шығарған
Оқи отырыңыз
18 Маусым, 13:40
ӘЧ-дегі алғашқы гол: Аббосбек Файзуллаев туралы не білеміз?14 Маусым, 21:04
Президент ат қойған Ақниет пен Бөрте туралы не білеміз?8 Маусым, 16:10
Жолы болмаған чемпион: Германияға 30 жылдан кейінгі жеңісті сыйлаған Зверев кім?2 Маусым, 18:20
Ушу-саньда төңірегіндегі у-шу: Нұрсұлтан Тұрсынқұлов стипендия ала алмай жүр