Жаңалықтар

Биыл 736 ауылдық елдімекенді дамыту үшін 143 млрд.теңге бөлінген

2022 жылы «Ауыл – Ел бесігі» жобасына бюджеттен 326 млрд.теңге бөлінген
Биыл 736 ауылдық елдімекенді дамыту үшін 143 млрд.теңге бөлінген
Фото: Үкімет 17.01.2023 10:44 1266

2019-2022 жылдарға «Ауыл – Ел бесігі» жобасының шеңберінде бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды. Үкімет отырысында Ұлттық экномика министрі Әлібек Қуантыров «Ауыл – Ел бесігі» жобасы бойынша бірқатар жобалардың іске асырылмақ екенін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

«Республика бойынша 6293 елдімекен бар. «Ауыл – Ел бесігі» жобасын іске асыру шеңберінде әлеуеті жоғары 3,5 мың ауылды атап өткен жөн. Бұл ауылдарды дамыту бойынша 2019 жылдан бастап аталған жоба бойынша жұмыстар атқарылуда. Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту. 2019-2022 жылдарға «Ауыл – Ел бесігі» жобасының шеңберінде бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды. Ауыл ішіндегі жолдарды жаңадан салуға және жөндеуге мүмкіндік берді. Шамамен 30 мың жұмыс орны құрылды. 2022 жылы 577 ауылдық елді мекенде мыңнан астам жобаны іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың қаңтардағы жағдай бойынша облыс әкімдіктерінің бөлген қаражаты бойынша қаражаттың 94 пайызын игерген», – деді министр.

Бұдан бөлек, өңірлерде құрылыс жұмыстарын талап ететін бірқатар нысандар барын тілге тиек еткен ол осы жылы бірқатар жобаны іске асыру бойынша жұмыстар жасалатынын тілге тиек етті. 

«Олардың басым бөлігі әлеуметтік сала бойынша. Соның ішінде жаңадан құрылған, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарына көңіл бөлу ұсынылып отыр. 2023 жылы министрлік облыс әкімдіктерімен бірлесіп 736 ауылдық елдімекенде 143 млрд теңге сомасында 1,5 мың жобаны іске асыру көзделіп отыр», – деді министр.

Шекарада жақын орналасқан ауылдарды дамыту үшін тиісті жол картасы әзірленгені айтылды.

«Мемлекеттік шекарадан 50 шақырым жерде орналасқан ауылдардың саны 1,3 мың. Онда 1,7 млн тұрғын бар. Осы ауылдарды дамыту үшін жұмыс тобы бірлесіп қызмет атқаруда», – деді ол.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға