Жаңалықтар

Биыл 3 мұнай өңдейтін зауыт жөндеуден өтеді

Бұл туралы Энергетика министрлігі мәлім етті
Биыл 3 мұнай өңдейтін зауыт жөндеуден өтеді
Фото: atr.kz 01.02.2023 20:44 1272

Энергетика министрі Болат Ақшолақов елдегі үш мұнай өңдейтін зауыттың бәрі жөндеуден өтетінін айтты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«2022 жылы АИ-92 бензині мен дизель отынының рекордтық мөлшерін өндірдік. Осындай көрсеткішке қол жеткізу Шымкент мұнай өңдеу зауытындағы күрделі жөндеуді 2023 жылға ауыстыруға байланысты болды. Биыл барлық 3 мұнай өндеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстарының жүргізілетінін ескерсек, өндіріс көлемі 13,4 млн тонна деңгейінде болады деп болжанады», - деді министр.

Сондай-ақ Болат Ақшолақов Шымкент мұнай өндеу зауытын кеңейтудің техникалық-экономикалық негіздемесін жобалау басталатынын айтты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға