Жаңалықтар

Бішкекте ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңес өтті

Бішкекте ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңес өтті
Фото: gov.kz 17.11.2023 23:03 398

Бішкекте Қырғыз Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің төрағалығымен ТМД денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңестің XXXVI отырысы өтті, оған Қазақстан тарапынан Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Нұрқан Сәдуақасов қатысты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңес өзектілігін, қажеттілігі мен тиімділігін дәлелдей отырып, денсаулық сақтау мәселелері бойынша мемлекетаралық диалог үшін бүгінгі күні жетекші және тұрақты алаң болып қала береді.

Кеңестің күн тәртібінде денсаулық сақтау мен ТМД форматындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері қаралды. Атап айтқанда, ұтқырлық пен қолжетімділік бағытында алғашқы медициналық көмекті ұйымдастырудың пәрменді тәсілдері талқыланды, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы кадрлық мәселелер, клиникалық ұсынымдарды әзірлеу тәсілі, пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, қант диабетін диагностикалау және мониторинг құралдары, туберкулезге және онкологиялық ауруларға қарсы күрестегі жетістіктер және денсаулық сақтау секторын дамыту талқыланды.

Кеңестің мүшелері трансфузиология және аумақтарды санитариялық қорғау саласындағы бірқатар құжаттарды қабылдап, базалық ұйымдардың, комиссиялар мен жұмыс топтарының қызметін қорытындылады.

Кездесуде кеңестің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының жоғары органдарының шешімдері мен бастамаларын орындау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кеңестің отырысында сөз сөйлеген Комитет басшысы қазақстандық денсаулық сақтаудың пациентке бағдарланған моделін дамыту перспективалары туралы айтты.

Сондай-ақ, ол қатысушыларды "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының іске асырылу барысы туралы хабардар етті, бұл ауылдағы МСАК объектілерін салумен және реконструкциялаумен, оларды жарақтандырумен, ірі қалаларға барудың қажеттілігінсіз, оның ішінде телемедицина және қашықтықтан медициналық қызметтер арқылы мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсету мүмкіндігімен байланысты. Өз сөзінің соңында Н. Сәдуақасов ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге МСАК жөніндегі елдер коалициясына қосылуды ұсынды, осылайша оның медициналық-санитариялық қызметтермен жалпыға бірдей қамтуға қол жеткізудегі және оны өз елінде нығайтуға ұмтылудағы маңызды рөліне жоғары адалдығын растады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға