Жаңалықтар

Бишімбаевтың әйелінің өлімі: Астанадағы мейрамхана директоры ұсталды

Бишімбаевтың әйелінің өлімі: Астанадағы мейрамхана директоры ұсталды
Фото: instagram.com/aitym 12.11.2023 21:28 1039

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелінің өлімне қатысты тағы үш қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы halyq-uni.kz сайтына сілтеме жасай отырып El.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Астана қаласының Полиция департаментінің мәліметінше, елордадағы мейрамханалардың бірінде ҚР ҚК-нің 99 (кісі өлтіру) бабымен әйелді өлтіру фактісі бойынша тергеу жалғасуда. Осы қылмысты жасады деген күдікті қамауға алынды.

Қазіргі уақытта, тергеу органдары, оқиғаның барлық мән-жайларын, және нақты адамдардың кінәсін анықтауға бағытталған қажетті іс-шаралардың барлық кешенін орындайды.Тергеу барысында Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 432, яғни (қылмысты жасыру) бабы бойынша қылмыстық іс жеке тіркелді, оның шеңберінде «Гастро-орталық» директоры күдікті деп танылып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 434-бабы (Қылмыс туралы хабарламау) 119-бабы 3-бөлігі (қауіп-қатерде қалдыру) бойынша қылмыстық істер тіркелді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға