Жаңалықтар

Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейді? Ішкі істер министрінің өкілі жауап берді

Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейді? Ішкі істер министрінің өкілі жауап берді
Фото: коллаж El.kz 22.05.2024 12:31 1534

Мәжілістің кулуарында ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаевтан тілшілер Қуандық Бишімбаев жазасын қай түрмеде өтейтінін сұрады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ведомства өкілінің айтуынша, Бишімбаев әлі күнге дейін сот үкіміне шағым түсіріп жатыр. Содан кейін ғана оның қай түрмеге жіберілетіні анықталатын болады.

Су тасқынына байланысты біз бірнеше колонияны басқа өңірге көшірдік. Осы санатқа жататындарға бөлек аймақтар бөлінген. Бізде түрмелер толып тұр. Сол себепті дәл қазір Бишімбаев қандай түрмеге баратынын айта алмаймын, – деп қысқа қайырды Марат Қожаев.

Айта кетейік, бұған дейін экс-министр Қуандық Бишімбаев Астанаға қарасты жалғыз қауіпсіздігі жоғары мекеме Аршалы түрмесіне жіберілуі әбден мүмкін екені туралы ақпарат тараған болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға