Жаңалықтар

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға қатысты тексеріс жүргізіледі

Бишімбаев пен Нүкенованың некесін қиған имамға қатысты тексеріс жүргізіледі
Фото: Instagram/aitym 18.04.2024 14:50 1480

Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың заңды некеде болмай тұрып, мұсылмандық неке қиғанына байланысты сұрақ туындады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл сұраққа Әділет министрі Азамат Есқараев жауап беруден бас тартты. Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Қанат Ысқақов діни рәсімдерді орындаған кезде имамдар ерлі-зайыпты болғысы келетін адамдардың ресми неке куәлігін талап етуі қажет екенін айтты.

Бишімбаев неге екі рет неке қиғанын түсініп тұрған жоқпын. Біз бұл фактті тексереміз. Болашақ күйеуі АХАЖ арқылы некені тіркегісі келмесе, серігі сұрақ қоюы керек. Неліктен адам некені ресми түрде тіркегісі келмейді, кімнен немесе неден қорқады немесе жасырады деген сұрақтар туындауы керек, – деді министр орынбасары.

Белгілі болғандай, Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенова алғашында Астанадағы мешітте некесін қидырған, бірақ АХАT-ға бармаған. Екінші рет Павлодар қаласында тағы да мешітте неке қию рәсімін өткізген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға