Жаңалықтар

Бірқатар өңірдегі ЖЭО-ны жөндеуге үкімет резервінен 21,5 млрд теңге бөлінген

Бірқатар өңірдегі ЖЭО-ны жөндеуге үкімет резервінен 21,5 млрд теңге бөлінген
Фото: Коллаж El.kz 12.12.2023 16:05 1903

Үкімет резервінен Риддер, Екібастұздағы ЖЭО-ны, Ақтау қаласындағы энергия көздерін, Көкшетау қаласының қазандығын күрделі жөндеуге 21,5 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды  El.kz  ақпарат агенттігі.

Жылыту маусымына дайындалу үшін Үкімет резервінен Риддер, Екібастұз қалаларының ЖЭО, Ақтау қаласының энергия көздеріне, Көкшетау қаласының қазандығына күрделі жөндеу жүргізуге, реконструкциялауға және қажетті жабдықтарды сатып алуға 21,5 млрд. теңге бөлінді. Бұл барлық негізгі жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізуге мүмкіндік берді, - деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев үкімет отырысында.

Министрдің сөзінше, Кентау қаласының ЖЭО жөндеуге облыстық бюджеттен 3,7 млрд теңге бөлінді. Бұдан басқа, тікелей электр станцияларының меншік иелері шамамен 16,5 млрд. теңге құйған.

Бұған дейін министр еліміздің бірқатар өңіріндегі ЖЭО-да болған апатқа байланысты мәлімдеме жасады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға