Жаңалықтар

Бірқатар өңірде ауа айына байланысты ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлім етті
Бірқатар өңірде ауа айына байланысты ескерту жарияланды
Фото: gov.kz 12.12.2022 19:43 716

Синоптиктер Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Көкшетау қаласында түнде және таңертең батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 18 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, облыстың орталығында күші – 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Ақтау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-18 м/с-қа дейін жетеді.

Павлодар облысының басым бөлігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың басым бөлігінде , күндіз оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Павлодар облысының солтүстігінде ауа температурасы күрт төмендеп, 22-27 градус аяз болады. Павлодар қаласында жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында түнде жаяу бұрқасын көтеріледі. Батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, түнде екпіні – 15-20 м/с.

Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Тау асуларында жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарда күші – 15-20 м/с. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Шымкент қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға