Жаңалықтар

Бірқатар алматылық мемлекеттік наградалармен марапатталды

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді
Бірқатар алматылық мемлекеттік наградалармен марапатталды
Фото: Ақорда 16.11.2022 12:00 1333

Мемлекет басшысы елеулі жетістіктері мен Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Алматы қаласының бірқатар азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды  El.kz Ақордағы сілтеме жасап.

Мемлекет басшысының  жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

«Парасат» орденімен«Қазақстанның қала құрылысшылары одағы» ҚБ президенті Любовь Владимировна Нысанбаева;

«Құрмет» орденімен«Қалалық клиникалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК дәрігері Роза Айтжанқызы Дүйсенбаева;

«Ерлігі үшін» медаліменТЖМ Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Қайрат Бекәлиханұлы Нұржаубаев;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен «Hyundai Trans Auto» ЖШС өндіріс басшысы Садыкжан Абдулович Мусаров;

«Шапағат» медалімен «Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ магистранты Әділхан Темірханұлы Төлепберген марапатталды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға