Жаңалықтар

«Бірнеше рет суицид жасаған». Екі баласын өлтірген әйел туралы тың дерек айтылды

«Бірнеше рет суицид жасаған». Екі баласын өлтірген әйел туралы тың дерек айтылды
Фото: Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі 26.02.2024 16:57 6235

7 ақпан күні 3 және 5 жасар балаларын жалдамалы пәтерге апарып, жастықпен тұншықтырып, оқиға орнынан қашып кеткен 31 жастағы келіншек туралы тың деректер айтылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі «Көреміз» бағдарламасына сілтеме жасап.

Күдікті әйел Қызылорда облысы, Шиелі ауданында туған. Оқу орнын бітіргеннен кейін 10 жылға жуық мектеп-лицейде ұстаз болған.

Оның көршілері бұрын молдаға қаратқанын, қазақы ем жасатқанын алға тартады.

Студент кезде ауырып, молдаларға апарған. Содан кейін жақсы боп кеткенімен, алдыңғы жылы қайтадан дерті асқынған екен. Ұйықтап жатып бір жаққа кетіп қап, кейін тауып алып келіпті дегенді естідік, – дейді келіншек туған ауылдың тұрғындары. 

Ол сұмдық оқиға болған күні, жұмыстан келіп, сағат үштерде балаларды бақшадан алып кеткен. Күйеуімен ешқандай ұрыс орын алмаған. Көршілерінің бірі құрбысына жазып, «мені алып кетіңдерші» деп орналасқан жерін жібергенін айтады. Құрбысы келіншектің күйеуіне хабар беріп, үш адам болып сол жаққа барған. Сол кезде сұмдық оқиға болғанын білген.

Күдіктінің Ләйла есімді туысы оның бұрыннан ауытқуы бар екенін, кішірек кезінде бірнеше рет өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты. Ал қайынінісі жұбайлар арасында мүлдем ұрыс-керіс болмаған дейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға