Жаңалықтар

Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды

Қолайлы метеорологиялық жағдай күтілуде
Бірнеше қалада ауа сапасы нашарлайды
Фото: massaget.kz 01.03.2023 07:20 520

1 наурызда еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды El.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.

Қазақстандағы қалалардың басым көпшілігінде метеорологиялық ахуал бірқалыпты болады.

Тек Балқаш, Ақтау, Алматы қалаларында ғана ауа сапасы нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға