Жаңалықтар

Бірнеше өңірдің оқушылары онлайн оқуға көшті

Қарағандыда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды
Бірнеше өңірдің оқушылары онлайн оқуға көшті
Фото: 24.kz 29.11.2022 10:21 801

Еліміздің төрт облысында мектептер мен колледждердегі сабақтар қашықтан оқуға көшірілді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

29 қарашада ауа температурасының төмендеуіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының мектептерінде бірінші ауысымдағы сабақтар қашықтан оқыту форматына көшірілді. Сондай-ақ Өскемен қаласы мен Алтай, Тарбағатай, Ұлан, Глубоковский, Самара, Катонқарағай, Шемонаиха, Зайсан және Күршім аудандарында 0-11 сыныптар, ал Риддерде 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді.

Абай ауданында 1-11 сынып оқушылары, сонымен қатар бірінші ауысымдағы колледждердің 1-2-курс студенттері қашықтан оқытуда.

Қызылордада да ауа райының қолайсыздығы мен екпінді желдің салдарынан 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқитын болады.

Сондай-ақ Қарағандыда бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқиды. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға