Жаңалықтар

Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: El.kz 23.01.2023 21:58 840

Қазгидромет мамандары 24 қаңтар, сейсенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

24 қаңтарда Түркістан облысының оңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі.

Шымкент қаласында да түнде және таңертең тұман түседі.

24 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-шығыстан жел тұрады, облыстың солтүстігінде жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.

24 қаңтарда Жетісу облысының Алакөл көлдері маңында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, түнде кей уақытта - 25 м/с.

24 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.

24 қаңтарда Абай облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын соғады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға