Жаңалықтар

Бірнеше облысты қалың тұман басады

Бұл туралы «Қазгидромет» мәлім етті
Бірнеше облысты қалың тұман басады
Фото: shkolazhizni.ru 12.02.2023 13:50 961

Қазақстан аумағында 12 ақпанда ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, орталығында тұман түседі деп болжанды.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының шығысында тұман күтіледі. Күндіз облыстың батысында көктайғақ болады.

Қызылорда облысының оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын және тұман күтіледі.

Түркістан облысының оңтүстігінде, тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, тау асуларында екпіні 15-20 м/с. 

Жамбыл облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, таулы аудандарда тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде, таулы аудандарда 15-20 м/с-ке жетеді. 

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға