Жаңалықтар

Бірнеше облысты қалың тұман басады

Бұл туралы Қазгидромет мәлім етті
Бірнеше облысты қалың тұман басады
Фото: baq.kz 01.02.2023 19:41 1223

Қазгидромет 2 ақпанда бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ақтөбе облысының шығысында тұман түседі. Шығыстан жел соғады түнде желдің екпіні 17 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында тұман түсіп, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында жолдарда көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, орталығында тұман болады.

Қызылорда облысының орталығында тұман, көктайғақ болжанады.

Алматы қаласын да қалың тұман басады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға