Жаңалықтар

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі мәлім етті
Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: ult.kz 10.10.2022 21:09 1164

Еліміздің бірқатар өңірлерінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды El.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Батыста, оңтүстікте, Ақтөбе облысының орталығында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15 м/с жетеді. 

Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады. Атырау қаласында оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с. 

Жетісу облысының Алакөл ауданында оңтүстік-шығыстан 17-22 жел соғады, екпіні 25 м/с жетеді. 

Батыс Қазақстан облысындаоңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз батыста, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Күндіз Қызылорда облысыныңорталығында дауыл соғады. Шығыстан, солтүстік-шығыстан соғатын жел түнде облыс орталығында 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. Қызылорда қаласында дауыл, шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с. 

Түнде батыста, күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай ойнайды. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтау қаласында түнде найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с. 

Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді. 

Түркістан облысының солтүстігінде дауыл соғады. Солтүстік, батыстан соғатын желдің күші облыстың таулы аймақтарында 15-20, таулы аудандарында екпіні 23 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде 2 градус аяз. Түркістан қаласында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға