Жаңалықтар

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Бірнеше облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: © El.kz 12.02.2024 02:26 539

Cиноптиктер еліміздің 9 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды Еl.kz ақпарат агенттігі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Атырау, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. Шығыс Қазақстан облысында бұрқасын күтіледі. Көктайғақ болуы ықтимал. 

Маңғыстау облысында көктайғақ, Қызылорда облысында тұман түседі деп хабарланды. 

Жетісу, Алматы облыстарында қатты жаңбыр жауады.

12 ақпанда түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі мен шығысынан, батыс және оңтүстік-батысынан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға